Жаңалықтар

Есірткі сатты деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Есірткі сатты деген күдікті Германиядан экстрадицияланды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.07.2023 11:50 1310

Германия үкіметі ҚР Бас прокуратурасының аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Оқи отырыңыз:

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға