Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелді
Мөлдір Қайнар тілші
12.06.2025 10:23
Фото:
әлеуметтік желі
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін босанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қуанышты жаңалықты желіде жұбайы RaiM жазды.
Instagram желісінде жарияланған фотодан RaiM жаңа туған сәбиінің қолынан сүйіп отырғанын байқауға болады.
Аль-Ха́мду ли-Ллях, қош келдің, ұлым!
Райымбек Батыр!, - деп жазды ол фото сипаттамасына.
Желі қолданушылары танымал жұпты құттықтап, ақжарма тілегін жазып жатыр.
Бұған дейін аяғы ауыр Ерке Есмаханның айы-күні жақындап қалғанын жазған едік.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

