444.22
476.38
4.82

21 June 2018, 13:27

"Z қаласы": Астананың бейформал әуендері

El.kz интернет-жобасы Астананың 20 жылдығына орай, «Z қаласы» атты интернет-жобасын көпшілікке ұсынады. Әр бөлімде Астанаға бауыр басып, сіңісіп кеткен қарапайым адамдар, жергілікті тұрғындардың өмірдеректері баяндалады.
Жас әнші, музыкант Мерей Отан (Mercury cachalot) альтернатива және инди-рокты жақсы көреді. Ол сахна талғамайды, сансыз фанатты қажет етпейді. Музыканы музыка үшін жазады. Әнді жан ойларын жеткізу үшін шырқайды. Жұбаныш Рахметов - әнші, композитор. Ол ізденуден жалықпайтын жиһангез композитор. Классикалық музыкадан эстрадаға, Ақтөбеден Астанаға келді. Елордамен құрдас. Оның да болашағы сондай жарқын, әлеуеті зор.
Астана азат рух, шексіз креатив, жанды дауыс қаласы. Екі жас музыкант әуені астаналық андеграунтың тек бір бөлшегі ғана.

Share: