494.87
520.65
4.91

2 August 2018, 18:46

«Z қаласы»: Тағам мен талғам

El.kz интернет-жобасы Астананың 20 жылдығына орай, «Z қаласы» атты интернет-жобасын көпшілікке ұсынады. Әр бөлімде Астанаға бауыр басып, сіңісіп кеткен қарапайым адамдар, жергілікті тұрғындардың өмірдеректері баяндалады.
Біртіндеп мегополис шаһарға айналып келе жатқан Астана сынды ажарлы қала тұрғындарын иісі бұрқыраған тәтті нанмен қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген наубайханашы Бибол Момынтаев нағыз өз ісінің маманы. Қазір елордада шаһар тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамассыз етіп отырған 83 мекеме бар екен. Нарықтағы жоғары бәсекелестікке төтеп бере білген «Столичный хлеб» зауыты тұтынушыларының талабынан шыға білгендігі үшін өндіріс қуаттылығын арттырып отыр. «Ас атасы – нан» деп бағалай білген Бибол Астанаға арман қуып, 2003 жылы келген. Сол уақыттан бері аталмыш зауытта жасалатын нан тағамдарының сапасына, әзірлену процессіне жауапты маман әбден ысылып, машықтанған. Тұтынушыларға түске дейін 700 бөлке нан жөнелтетін зауыт мамандарының өндіріс жұмысына деген ынтасы мен сүйіспеншілігінің арқасында тұтынушы талғамынан шыға білді. 
Нұрсұлтан Жолдасов – аспазшы. Елордадағы танымал қонақ үйлердің бірінде өз арманын жүзеге асырған жас маман 2011 жылы еліміздің оңтүстік өлкесінен ажарлы Астанаға болашағын құруға келді. Нұрсұлтанның негізгі мамандығы – программист. Алайда жүрек қалауы мен қызығушылығын ас бөлмесінен адаспай тапқан аспаз бүгін де сұраныстағы мамандардың біріне айналды. Астананың рөлі Нұрсұлтан үшін өте маңызды. Себебі ол дәл осы жас қалада өзін өзге қырынан танытуға, шеберлігін шыңдап, кәсіби тұрғыда жетілуге мүмкіндік алды. Италиялық Оресте Манчини есімді бас аспаздың жанында тіл үйіретін түрлі тағам пісіруді меңгеріп, аспаздықтың қыр-сырына қанықты. Тіпті өзі де шәкірт тәрбиелеп жүр.         
Кейіпкерлердің екеуі де елорданың тағам өнеркәсібі саласы мен қызмет көрсету сондай-ақ елордаға табан тіреген шетелдік меймандарға қазақ асханасын танытуға үлкен үлес қосып жүрген талапты жастар.

Share: