Елордалық оқушылар Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек ҚТЖ-ға теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» жобасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
11-сынып оқушылары рельстерді қосудың технологиясы бойынша төрт инновациялық ұсыныс жасады. Барлық шешімдер Қазақстан Республикасында патенттер алды және Женевадағы халықаралық тіркеуге берілді. Жоба Нью-Йорктегі халықаралық олимпиадада да ұсынылды.
Әзірлемелер шу деңгейін, рельстің тозуын және апаттылықты азайтуға бағытталған, сонымен қатар пайдалану шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Компания басшылығы инженерлік тәсілге оң баға беріп, жобаны дамытуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.
Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде ҚТЖ жобаны жетілдіру үшін қажетті материалдарды ұсынады, сондай-ақ Бурабай курортындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнына танысу сапарын ұйымдастырады. Кездесу аясында оқушылар ҚТЖ орталық мұражайына барды.
Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын инновациялық жоба ұсынды
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?