Жаңалықтар

Елордадағы өрт: 6 жеңіл көлік пен 3 қойма жанып кетті

Елордадағы өрт: 6 жеңіл көлік пен 3 қойма жанып кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 06.06.2023 19:18 720

Елордадағы «Кристалл» тұрғын үй кешенінің паркингінен өрт шығып, 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл көліп өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жау 15:02-де сөндірілген.   

Астанада 6 маусымда сағат 11:56-да Мұхамедханов көшесі бойындағы паркингте 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл автокөлік жанды, жылу әсерінен тағы 4 автомобиль зақымдалды. Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автосатының көмегімен 17 адам эвакуацияланды, оның 6-ы бала. Алдын ала болжам бойынша "улы газдан улану" диагнозымен ауруханаға 3 адам жеткізілді. 14:33-те өртті оқшауланып, 15:02-де толығымен жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Тілсіз жаумен күреске 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға