Жаңалықтар

Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір қайта ашылды

Сондай-ақ астана күніне орай кезекте тұрғандарға, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілттері табысталды.
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір қайта ашылды
07.07.2022 08:47 2098

Нұр-Сұлтан қаласында Алаш тас жолында күрделі жөндеуден кейін көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz порталы.

– Көпір апатты деп танылған. Көпірдің бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді, атап айтқанда жол өтпесінің авариялық бөлігін бөлшектеу. Жоба бойынша 140 метр көпір салынды. Сонымен қатар, көпірдің екі жағынан 700 метрден асфальт төселді. Сондай-ақ металл эстакаданың жүру бөлігі жөнделді, – дейді геодезия саласының маманы Алинұр Әбілмажан.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, 6 шілде, Астана күніне орай кезекте тұрғандарға, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілттері табысталды. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік нысандар мен 100-ге жуық аула және қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы аяқталуда, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға