Жаңалықтар

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті

Ұлттық құндылық
16.06.2016 11:44 6054

Астанадағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ҚР мәдениет қайраткері, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің жеке коллекциясындағы XVIII-XX ғасырлардағы «Ұлт жауһарлары» фотожинағының таныстырылымы өтті.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

«Ұлт жауһарлары» атанған фотожинаққа антикварлық зергерлік бұйымдардың топтамасы енгізілген.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

Салтанатты кешті ақын, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ жүргізді. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті, тарихынан сыр шертетін жинақтың тұсау кесу рәсімі мен таныстырылымына Ғарифолла Есім, Көпен Әмірбек, Әли Бектаев, Серік Сейдуманов, Оразкүл Асанғазы, Ермек Асылханов, сынды ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты. Ал Досымжан Таңатаров, Тамара Асар, Жадыра Арыстанова сынды әншілер әннен шашу шашса, ақындар өлең оқып, кештің шырайын аша түсті.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

«Ұлт жауһарлары» атты фотожинақтың авторы,  белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегенқызының шығармашылығына тоқталар болсақ, коллекционер 2011 жылы Алматы қаласында «Әдемі-Ай» өнер мұражайын ашты. Автордың айтуынша қазіргі таңда мұнда  1000-нан аса жәдігерлер жинақталған. Мұражай экспозицияларынан б.з.д. I – III ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI – ХII ғғ. жататын тарихи құнды жәдігерлермен танысуға болады.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

Өскелең ұрпақ көріп, біліп жүрсін деген мақсатпен аталған құнды мұралардың суреттерінен топтастырылған «Ұлт жауһарлары» атты фотожинақ құрастырылды. Бахаргүл Төлегенқызы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қабылдауында болып, Президентіміз қазақ қызының ұлтының мәдени мұрасын сақтап, зерттеу қызметіне жоғары баға берген болатын.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

– Қазақта «Тарихты білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген сөз бар ғой, – дейді Бахаргүл ханым. – Мен оншақты жылдан бері қазақ халқының қолданбалы өнерін, антикварлық зергерлік бұйымдарын жинаумен айналысып келемін. «Әдемі-ай» өнер мұражайын толықтырған 1000-нан аса құнды жәдігерлердің қатарында ат әбзелдері, зергерлік әшекейлер, батырлардың сауыт-саймандары, киіз үй жабдықтары, қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары бар. Аталған жәдігерлерді жинау әрине оңай болған жоқ. Жәдігерлік бұйымдарды жинай жүріп, қазіргі заман үлгісіне сай жаңғыртып, насихаттауды мақсат етеміз. Әр бұйымның бойында елдік, ұлттық қасиетімізді көрсететін бояу бар деп білемін. Әр қазақтың шаңырағында тұруы тиісті бірыңғай кәдесый бұйымдарын да шығарумен шұғылданып келеміз. Бұл – төл мәдениетімізді дамытуға теңізге қосқан тамшыдай үлесіміз деп білемін. Төл мәдениетімізді кейінгі ұрпақ біліп жүрсін, көкейлеріне түйіп жүрсін деген ізгі мақсатты ұстанамыз.  

Автордың айтуынша, жыл сайын «Ұлт жауһарлары» атты антикварлық зергерлік бұйымдардың көрмесі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті

Бахаргүл Төлеген – коллекционер-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының жалғыз жеке мұражайының иесі. Сонымен қатар, қазақы кәдесыйлардың ұлттық брендін қалыптастырған «Әдемі-Ай» компаниясының президенті. Балалық және жастық шағын Қытай Халық Республикасында өткізген Бахаргүл, 1994 жылы тарихи отанына оралып, бала кезіндегі арманына қол жеткізді. Сол сәттен бастап Бахаргүл бойындағы бар қайрат-жігерін қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді жинақтап, сақтауға арнады.

 Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті

Ол республика мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін 2010- жылы ҚР мәдениет қайраткері атағына ие болды. Сол жылы еліміздің 30 танымал әйелдері қатысқан «Қазақстан әйелі - 2010» атты жобасының жеңімпазы атанды. 2013-жылы Елбасы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды. «Ұлт жауһарлары» фотожинағы арқылы Сіз этнографиялық бұйымдардың керемет және бай коллекциясымен танысу мүмкіндігіне ие боласыз.

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті 

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті

Елордада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының тұсау кесу рәсімі өтті

«Әдемі-Ай» компаниясы туралы

«Әдемі-Ай» компаниясы 2000 жылы құрылған.  Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық қалаларында өз бөлімшелері ашылған, мемлекеттік органдармен, жеке ұйымдар, компаниялармен тығыз байланыс орнатып, еліміздің сувенир нарығында көшбасшы атанып келеді.

Мақсат – қазақ халқының ұмытылмас көне мұраларын, асыл заттарын халық жадында қайта жаңғыртып, ел игілігіне жарату. Ұмытылып бара жатқан ұлы мұраларымызға жан бітіріп, ел аузында қалған маржан сөздерді, тілек-ниеттерді кәдесыйға жазу ретінде басып, сол арқылы қазақ халқының дана да дара халық екендігін паш  ету. Күн сайын ұлттық кәдесыйлардың жаңа нобайларын ашып, киелі қазақ өнерінің кең қанат жаюына үлес қосып, тың идеялар тудыру. Ұлтымыздың құнды жәдігерлерін, халық өнері мен мәдениетінің жаңа қырларын ашу.

«Әдемі-Ай» компаниясының шығарған ұлттық сувенирлері еш жерде қайталанбайды. Себебі аталған компанияда ұзақ жылдар бойы тәжірбие жинап, ұшқыр ой мен ерекше шабытты бойларына сіңірген талантты дизайнерлер тобы құрылған. Соның арқасында компанияда жаңа сувенирлер саны жыл сайын артып, ерекше, таңқаларлық кәдесыйлармен толығуда.  Қазақстанның бетке ұстар өнертанушыларымен, этнографтарымен, суретшілерімен, мүсіншілерімен, өнер адамдарымен тығыз жұмыс атқарып келеді.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттердің авторы Жандос КОКУМБАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға