457.7
492.81
6.49

Елордада қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді

Әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысады
vesti.kz
Фото: vesti.kz 05.12.2022 21:05 339

12-14 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысады.

Ұлттық құраманың өкілдері "Дала Қыраны" титулының иегерлері әлемдік додада ел намысын қорғайды, олар – Бекжан Төлепов (55 кг.), Марат Нигматуллаев (60 кг.), Нұр Аманшүкіров (66 кг.), Жұмажан Қожамбеков (74 кг.), Айдын Дартаев (82 кг.), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг.), Мұхит Тұрсынов (100 кг.) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг.).

Айта кетейік, бұл дода 3 жас мөлшерін қамтыған алғашқы Әлем чемпионаты (ересектер, жастар және жасөспірімдер).

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Самат Ергалиев (@ergaliev79)

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар