Жаңалықтар

Елордада еліміздің үздік құрылысшылары марапатталды

Елордада еліміздің үздік құрылысшылары марапатталды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 11.08.2023 19:28 1300

Құрылысшылар күніне орай елордада үздік құрылысшылар марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл құрылыс саласында ерен еңбегімен көзге түскен 36 құрылысшы «Құрметті құрылысшы» және «Еңбек сіңірген құрылысшы» төсбелгілерімен марапатталды. Оның ішінде «Құрметті құрылысшы» наградасына 30 жылдық тәжірибиесі бар құрылысшылар - Тимур Абдрахманов пен Алексей Кравченко ие болды.

Елордада еліміздің үздік құрылысшылары марапатталды

Құрылысшылардың еңбектері еленетіні қатты қуантады. Біз одақ атынан жыл сайын құрылыс саласының қыметкерлерін алғыс хаттармен және төсбелгілермен мараппатаймыз. Менің ойымша, осындай сый-құрметтің арқасында мамандардың жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттері қалыптасады, - деді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев. 

Оның сөзінше, Қазақстан құрылысшылар одағы еліміздің басқа да өңірлеріндегі құрылысшыларды назарсыз қалдырмады. Республика бойынша 10 марапат пен 10 алғыс хат шараға келе алмаған өңірлердегі құрылысшыларға жолданды.

Елордада еліміздің үздік құрылысшылары марапатталды

1975 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істедім. Қазіргі таңда зейнеттемін. Құрылысшылар күнінде мамандардың еңбегін елеп марапаттап жатқандары қуантады. Бұл маманның жұмысына деген құрмет деп білемін. Барша құрылысшыларды атаулы мерекесімен құттықтаймын, - деді “Еңбек сіңірген құрылысшы” төсбелгісімен марапатталған Темірбек Қанат.

Айта кетерлігі жыл сайын Құрылысшылар күнінде еліміздің үздік құрылысшыларын марапаттау салтанаты өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға