Жаңалықтар

Елордада Бірлік күніне орай жүгіруден эстафета өтті

Елордада Бірлік күніне орай жүгіруден эстафета өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 01.05.2023 20:36 637

Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай Астанада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Триатлон саябағында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі түрде ағаш отырғызылып, салауатты өмір салты насихатталып, жүгіруден эстафета өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІ сессиясының отырысында саяси модернизациялау және этносаралық келісімінің рөлін айрықша атап өткен еді. Міне, бүгін сол іс-шара жалғасын табуда. Бүгінгі мерекеге орай бұл жарыс алғаш рет ұйымдастырылып жатыр, - деп іс-шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Жарысқа 300-ден астам әуесқой спортшы жиналып, 500 метр, 2,5 км және 5 шақырым бойынша жүгірді. Салтанатты іс-шараның соңында қатысушылардың бәрі арнайы медальдармен марапатталды.

Бүгін біз Қазақстан халқының Бірлігі күнін атап өтіп жатырмыз. Елімізде қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық бірлікті нығайту ел болашағының табысты кепілі болып қала беретіні анық. Мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, табыс және көктемгі көңіл күй тілеймін! - деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Башир Солсанов.

Айта кетейік, Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай апта басынан бері Астана қаласында 70-ке жуық іс-шара ұйымдастырылды, олардың көпшілігі елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау үшін ашық алаңдарда өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға