Жаңалықтар

Елордада ашық аспан астындағы музей жұмысын бастады

Елордада ашық аспан астындағы музей жұмысын бастады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 15.06.2023 15:27 749

Бүгін Астана қаласында ашық аспан астындағы музей жазғы маусымға орай ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені макеттер арқылы Астана, Алматы, Шымкент секілді республикалық маңызы бар қалалар мен еліміздің өзге де өңірлерін шағын етіп көрсетеді.

Жиырма жылдан астам тарихы бар мәдени орыннан еліміздегі көрнекті ғимараттар мен өңірлердің табиғатын тамашалауға
болады.

Кешен Маңғыстау өңірінен басталып, Қызылорда облысынан аяқталады.

Еліміздегі 17 облыс, 3 қала және 49 көлді тамашалауға шамамен 1 сағаттай уақыт кетеді.

Бүгін «Жанұя» отбасы институын қолдау орталығынан «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориальды кешеніне экскурсияға 100-ден аса көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүгедектігі бар балалар мен ата-аналар келді. Олар еліміздің сәулет өнерімен, тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысып жатыр, - деді «Астана қаласының Бірлескен мұражайлар басшысының міндетін атқарушы Самат Тергембаев.

Мұнда экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді.

Мемориалдық кешен күн сайын таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал әр аптаның дүйсенбі күні демалыс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға