Жаңалықтар

Елордада Ақтөбе әкімі лауазымын сатқан алаяқтар сотталды

Сотталушыларға әртүрлі мерзімде жаза тағайындалды
Елордада Ақтөбе әкімі лауазымын сатқан алаяқтар сотталды
Фото: Shutterstock 24.11.2022 05:28 773
Астанада 21 қарашада Ақтөбе қалалық әкімі "креслосын" 1,5 млн долларға саудалағандарға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот жәбірленушілерді алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын ала сөз байласу арқылы бес адам өзін жоғары лауазымды тұлғалар ретінде таныстыра отырып, олардың біріне 500 мың доллар берсе, Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындауға уәде бергенін, сол секілді тағы жәбірленушіге осы беделді лауазым 1,5 млн долларға ұсынғандарын анықтады.

"Бірінші жағдайда сотталғандар жәбірленушінің 260 мың долларын иеленген, ал екінші жағдайда жәбірленуші өзінің алданатынын түсініп, құқық қорғау органдары көмегіне жүгінді және 28 млн теңге мөлшеріндегі ақша муляжын ұсыну кезінде сотталушылар ұсталды".Астана сотының баспасөз қызметі

Сотталушыларға әртүрлі мерзімде жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға