Жаңалықтар

Елордада Ақбұлақты санитарлық тазарту жұмысы жүріп жатыр

Елордада Ақбұлақты санитарлық тазарту жұмысы жүріп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 16.08.2023 23:49 485

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Ақбұлақ бұлағының су бетінде санитарлық тазарту жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, мердігер ұйым күн сайын таңертеңнен кешке дейін су бетін санитарлық тазалауды, өзен арнасының жағалау аумағын тұрмыстық қоқыстан тазартады.

Ақбұлақтың Аман көшесінен Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаске бойында 21 мың ш.м. алаңда су бетін санитарлық тазалау, арамшөпті өсімдіктерді (қамыс пен шөпті) шабу жұмысы жүргізілді.

Айта кетерлігі, Ақбұлақ бұлағының жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып, елордалық полигонға 545 тоннадан астам арамшөптер (қамыс, балдырлар, шөптер және т.б.) мен қоқыс жиналып, шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға