Жаңалықтар

Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалауға шықты

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалауға шықты
Фото: gov.kz 25.11.2022 13:54 1133

Елордада қысқы кезеңнің басталуымен коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

25 қараша күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника шықты.

Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалауға шықты

24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды. Бұл 500-ге жуық рейсті құрады.

Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалауға шықты

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.

Елордада 2,5 мың жұмысшы қар тазалауға шықты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға