Әуе тасымалдаушыларының сұраныстары негізінде әуежайды басқарушы компанияның техникалық мамандарының жобалық тобы аэродромдағы жөндеу жұмыстарының технологиялық процесін оңтайландырды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе тасымалына 2024 жылдың 14 маусымынан бастап әуежайдың жұмыс тәртібі күнделікті техникалық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады.
Жұмыстарды жүргізу кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді, кейіннен ұшу-қону жолағына көшумен әуеайлақ жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінде әуежайдың негізгі жұмысына кедергі келтірмейтін магистральді жолақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Әуе тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру үшін авиакомпаниялар ішкі рейстер кестелерін жедел қайта қарап, танымал бағыттарға қосымша рейстерді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты жолаушыларға авиакомпаниялардың ресми сайттары арқылы билеттердің бар-жоғын тексеру ұсынылады.
Елорда әуежайы жазғы маусымда жұмыс уақытын ұзартады
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?