Жаңалықтар

Еліміздің бас ұстазы Шымкент тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдады

Еліміздің бас ұстазы Шымкент тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 24.02.2024 09:05 933

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкентке жұмыс сапарымен барды. Еліміздің бас ұстазы қала әкімі және білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп директорларының қатысуымен өткен кеңеске қатысты. Сондай-ақ министр Шымкент тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесте білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, PISA жаһандық зерттеу және МОДО ішкі бағалау жүйесінің қорытындысы бойынша Шымкент мектептерінің нәтижелеріне қатысты сұрақ көп. Оқу-ағарту министрлігі 8 негізгі бағыт бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау мен бағалау жүргізді.  

Министрлік білім беру сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асырды. Біздің ортақ мақсатымыз – балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ол үшін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген дұрыс бағдарларды анықтау қажет. Тексеру нәтижелері бойынша білім басқармасы түбегейлі шаралар қабылдауы қажет, - деді Оқу-ағарту министрі.

Шымкентке арнайы барған Ғани Бейсембаев қала тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуден соң министр тұрғындарды жеке қабылдады. Тұрғындар жұмысқа орналасу, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагог кадрларды даярлау және сапасын арттыру секілді мәселелерді көтерді. Өз кезегінде еліміздің бас ұстазы барлық өтініштерге толық түсініктеме беріп өтті. Қарау үшін қосымша уақытты қажет ететін түйткілдер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, Шымкент мектептерінде орын тапшылығын шешу үшін 2028 жылға дейін 50 340 оқушыға арналған 63 мектеп салу жоспарлануда. Былтыр шаһарда шамамен 20 мың оқушыға арналған 23 мектеп ашылған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға