Ертең, 5 қараша күні елдің төрт өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz.
Жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ, күшті жел мен бұрқасын соғады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел шығысқа, солтүстікке ауысады, өңірдің таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде қар жаууы ықтимал, түнде өңірдің солтүстік-шығысына қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Жел секундына 15-20 м/с оңтүстік-батыстан, түнде оңтүстік соғып, күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с-ты құрайды. Петропавлда қар, көктайғақ, бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде таңертең және түнде тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ орын алады.
Еліміздің 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады