Жаңалықтар

Елімізде «Дала күні» өтіп жатыр

Екі күнге жалғасады.
Елімізде «Дала күні» өтіп жатыр
14.07.2022 02:31 2516

«Қазақстан дала күні «Jańa Dala/Green Day '2022» мамандандырылған көрме-демонстрациясы өз жұмысын бастады - бұл республиканың АӨК саласындағы ең маңызды іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды EL.KZ.

Дәстүрлі Дала күні Ақмола облысында Нұр-Сұлтан қаласынан 90 шақырым жерде, «Еңбек» ЖШС алқаптарында өткізіледі. Іс-шара екі күнге созылады.

Дала күні - бұл қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, заманауи жоғары өнімді техниканың ең ірі көрсетілім алаңы, отандық және шетелдік аграршылар арасында тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды дамытуға ыңғайлы орын.

Іс-шараға Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің 150-ден астам компаниясы қатысады. Дала күніне 5 мыңнан астам АӨК кәсіпқойлары, облыстар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері, шетелдік ресми делегациялар қатысады деп күтілуде. Мысалы, Германияны Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшісі және Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрі жанындағы Парламенттік статс-хатшы, VDMA Германияның машина жасаушылар мен жабдық өндірушілер одағы, Чехияны - Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі таныстырады.

Ашылу күні іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

«Jańa Dala / Green Day '2022» көрмесінде 500-ден астам түрлі ауылшаруашылық техникалары көрсетілген. Көктемде болашақ қатысушылар «Jańa Dala / Green Day '2022» демонстрациялық алаңдарында егіс науқаны барысында 75 телімге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары мен сұрыптарының дәндері егілген болатын.

Іс-шара аясында түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік-кластары өтеді, онда қатысушылар ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылайды. Жеке блок ретінде «Organic Agriculture in Central Asia» және «Қазақстандағы ветеринариялық қауіпсіздікті бақылау» халықаралық конференциялары өткізіледі.

«Қазақстан дала күні «Jańa Dala / Green Day '2022» мамандандырылған көрсетілім-көрмесі өз жұмысы барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мынадай блоктарда заманауи технологиялардың толық циклін көрсетеді: «Өсімдік шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «GreenDay» - органикалық өндіріс. Қазақстандық АӨК жобаларын қаржыландырумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алумен байланысты блокты «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі құрылымындағы аса маңызды даму институттары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға