Жаңалықтар

Елімізде тері қатерлі ісігіне кім көбірек шалдығады?

Елімізде тері қатерлі ісігіне кім көбірек шалдығады?
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 31.05.2023 22:46 1106

Елімізде тері қатерлі ісігі мен меланомаға кім көбірек бейім екендігі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, 2021 жылы Қазақстанда 3555 тері обыры және 360 меланома жағдайы тіркелген. 2010 жылдан бастап Қазақстанда тері обырымен сырқаттанушылық 20 пайызға, меланома 24 пайызға өскен.

Ал тері қатерлі ісігінің жиілігі әйелдер арасында таралуы ерлерге қарағанда 2203 жағдайға, яғни 62 пайызға жоғары.

Тері қатерлі ісігінің арасында базалиома – 2573(72%), жалпақ жасушалы қатерлі ісік – 463 (13%), метатиптік – 77 (2%), қалғандары – 196 (5%) жағдаймен көш бастап тұр.

Тері қатерлі ісігінің 1 сатысында диагноз 78%, 2 сатысында – 17%, 3 сатысында – 1,3%, 4 сатысында – 0,3% қойылды.

Тері меланомасының ең жоғары деңгейі келесі жас топтарында жоғары: 55-64 жас – 78 (21%), 65-74 жас–96 (27%), 75-84 жас–45 (12%). Ұлты бойынша: орыстар – 201 (58%), қазақтар – 81 (25%), украиндар–34 (9%), қалғандары –41 (11%).

Әйелдер арасында сырқаттанушылық жоғары – 216 (60%), ерлер арасында – 144 (40%).

Меланома 1 кезеңде диагноз – 47 %, 2 кезеңде-35%, 3 кезеңде – 10%, 4 кезеңде – 7% анықталады.

Онкологиялық аурулардан қайтыс болғандардың құрылымында тері меланомасы 21-орында болса, тері обыры 22-орында екендігі анықталды.

Қазақстанда тері обырымен сырқаттанушылық бүкіл әлемдегідей артып келеді. Талдау нәтижелеріне сәйкес, 55 пен 84 жас аралығындағы әйелдер жиі ауырады.  

Тері қатерлі ісігі – бұл терінің эпидермисіндегі қалыптан тыс жасушалардың бақылаусыз өсуі және бөлінуі. Кез келген тері қатерлі ісігінің негізгі факторларының бірі – күн сәулесінің шамадан тыс әсер етуі. Егер адамдарда жас кезінде немесе жасөспірім кезінде күннің күйіп қалу жағдайларының екіден көп эпизоды болса, онда егде жастағы тері қатерлі ісігінің даму қаупі оларда 50 пайызға дейін артады, - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкодерматолог-дәрігері Дина Тулеулова.

Онкологтар УФ-күн сәулесінен аулақ болуды ескертеді. Ең қолайлы таңертеңгі және кешкі күн, онда сәулелер «қиғаш» жарқырайды және озон қабаты ультракүлгін сәулелерді көбірек бейтараптайды.

Күн ыстық болған кезде баскиім, қалпақ киіп, қолшатыр алып жүрген дұрыс.

Егер сіз табиғат аясына, тауға барсаңыз, өзіңізбен бірге ұзын жеңді жейде, қалпақ, көзілдірік киюді ұмытпаңыз. Теңізге шыққанға дейін 30 минут бұрын бүкіл денеге SPF кремін жағу керек, оның қорғаныс деңгейі кемінде 50 болу керек. СПФ-кремді әр 2 сағат сайын жаңартып отыру керек.

Тері қатерлі ісігі – бұл визуалды түрде диагностикалау қол жетімді, тіпті пациенттің өзі терідегі кейбір өзгерістерді, меңдерді көре алады және дереу дәрігерге қаралуы керек. Көбінесе әйелдер терінің қатерлі ісігіне шалдығады, мүмкін олар жиі күн сәулесіне түседі. Ең бастысы дәрігерге уақтылы бару қажет. Егер сіздің меңіңіз өзгерсе, қанай бастаса, түсін жоғалтса немесе өзгертсе немесе жаңа меңдер пайда болса міндетті түрде онкодерматологпен кеңесу керек. Көбінесе ерте диагностика пациенттің өзіне байланысты, бұндай жағдайда неғұрлым тезірек дәрігерге жүгінсе, емдеу соғұрлым тиімді болады, - деп атап өтті ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.

Сондай-ақ мамандар меңдерді сұлулық салондарында емес, мамандандырылған клиникаларда алып тастауды ұсынады. Алып тастағаннан кейін, қатерлі ісік бар-жоғын тексеру үшін меңді гистологияға жіберу керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға