Жаңалықтар

Елімізде энергия тапшы: Министр жарықты үнемдеуге шақырды

Бұл туралы министр Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді
Елімізде энергия тапшы: Министр жарықты үнемдеуге шақырды
Фото: egemen.kz 30.12.2022 19:02 837

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарды электр энергиясын үнемдеуге үндеді. Оның айтуынша, Қазақстан жетпеген электр қуатын Ресейден алып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов жылды қорытындылап, алдағы жылда жасалатын жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, биыл Қазақстан 112,7 млрд кВт көлемінде электр энергиясын өндірген.

"Алдағы жылы электр энергиясын өндіруді 114,9 млрд. кВт-ға жеткізу жоспары тұр. Елімізде энергия тапшы. Жетпей жатқан қуатты Ресей арқылы келетін энергиядан алып жатырмыз. Электр энергеясын тұтыну әсіресе таңертең және кешке арта түседі. Мереке және ұзақ демалыс күндері тұтыну көлемі айтарлықтай артады. Осы орайда біз электр энергиясын үнемді тұтынуды ұсынып отырмыз. Қажет болмаса жарықты босқа қоспаған жөн", - деді Болат Ақшолақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға