Жаңалықтар

Елімізде экспортқа ең көп шығарылатын үш тауар қандай

Елімізде экспортқа ең көп шығарылатын үш тауар қандай
Фото: © ОКҚ 25.09.2023 13:46 1151

Қазақстанда шикізаттық емес тауарлар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілде айларында 46,7 миллиард АҚШ долларды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 21,7 пайызға өскен. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы жылдың 7 айында шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14,2 миллиард долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7 пайызға өсті. Шикізаттық емес экспорттық тауарлардың топ-3 өніміне мыс, мыс катодтары, ферроқорытпалар, уран кіреді, - деді Қайрат Төребаев.

Оқи отырыңыз:

Сауда және интеграция вице-министрінің айтуынша, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланд елдері негізгі нарық көзі болып қала береді. Сондай-ақ ЕО, Қытай және Орталық Азия елдеріне жеткізілімдер айтарлықтай өскен.

Экспорттаушыларға қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 100-ден астам компания халықаралық көшпелі іс-шараға қатысты. Бұлар - 7 елдегі сауда миссиялары, Қытайдағы халықаралық көрме. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қолдаудың нәтижесі 500 миллион доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарт жасалды, - деді Қайрат Қалмұқаметұлы.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға