Жаңалықтар

Елімізде 7 млн-нан астам адамның несие және басқа да қарызы бар

Бұл туралы Қаржы вице-министрі мәлім етті
Елімізде 7 млн-нан астам адамның несие және басқа да қарызы бар
Фото: stan.kz 20.12.2022 14:24 1341

Қазақстанда 7 млн-нан астам адамның берешегі бар, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

«Бүгінде елімізде 7 млн-нан астам борышкер бар. Олар тек банк пен коллекторлық агенттіктерге қарыз емес, коммуналдық төлемдер, алимент бойынша да берешектері бар азаматтар. Ал банктер мен микрокредиттік агенттіктердің алдында 1,5 млн адам берешек. Төлемді өтеу мерзімі 3 айдан асып кетсе, ол азамат берешектер тізіміне енгізіледі. Берешек бойынша мәселені кірістер комитеті сотқа жеткізбей шешу амалдарын ұсынады. Нәтиже болмаған жағдайда сот арқылы шешуге тура келеді», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежановтың мәлімдеуінше, бүгінде 3 млн-ға жуық адамның коммуналдық төлем бойынша 20 млрд теңге қарызы бар.

Одан бөлек, 791 мың адамның 20 млрд теңгеге салық қарызы өтелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға