Жаңалықтар

Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды
Фото: sports.ru 22.03.2023 12:02 1190

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мастерс жарысының 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасады.

А.Калинская алғашқы айналымда рейтингте 171-сатыдағы Андорра өкілі Виктория Хименес-Касинцеваны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами додасы 2 сәуірге дейін созылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға