Жаңалықтар

Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы кім

Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы кім
Фото: ktf.kz 01.04.2023 14:00 647

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова мен дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя шеберлік байқасты.

Бірінші партияда румыниялық теннисші 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қатарынан бес геймде ұтылып қалды – 7:5. Екінші сетте чехиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Майами мастерс жарысының финалында Елена Рыбакина мен Петра Квитова бас жүлдені сарапқа салатын болды. Финалдық матч бүгін түнде өтеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шыққан еді.

Биыл қатарынан үш матчта 10-нан астам эйс жасаған бірінші теннисші атанды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға