Жаңалықтар

Елена Рыбакина Азия–Тынық мұхит аймағы бойынша үздік атанды

Елена Рыбакина Азия–Тынық мұхит аймағы бойынша үздік атанды
Фото: ©Қазақстан теннис федерациясы 20.05.2023 08:20 630

Елена Рыбакина Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша үздіктердің қатарына кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 жасқа дейінгілер арасында ең болашағы бар өкілдердің тізімі жарияланған.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі тізімге олимпиада жүлдегері атанғандар, экожоба жасаушылар, қала бейнесін өзгертушілер, жаңа технологияға қаржы салғандар, әскери іс-қимылдар кезінде адамдарға көмектескендер кіреді деп отыр.

Олардың қатарында теннисші Елена Рыбакина бар.

Елена Рыбакина – Қазақстанның бірінші ракеткасы, 23 жаста.

Елена Рыбакина қазақстандықтар арасынан алғаш рет ірі теннис турнирінде жеңіске жетті, өткен жылы Уимблдонда чемпион атанды. Қазіргі кезде WTA рейтингісінде алтыншы орында тұрған ол 10 млн-дай доллар табыс тапты. Рыбакина Ресейде дүниеге келгенімен, спорттық мансабында Қазақстан атынан шықты. Ол табысының бір бөлігін жас теннисшілерге және иттерді құтқаруға жұмсады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға