Жаңалықтар

Елена Рыбакина Астанаға келді

Елена Рыбакина Астанаға келді
Фото: ktf.kz 12.04.2023 19:26 868

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Билли Джин Кинг кубогі (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында елордада 14-15 сәуірде Польшамен өтетін матчқа қатысады.

Елена Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында топырақ төсенішіндегі кортта алдағы бәсекеге дайындықты бастады.

Ертең, 13 сәуір күні Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылады. 14 сәуірде жекелей сында екі ойын өтсе, 15-інде екі жекелей, бір жұптық кездесу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға