Жаңалықтар

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің үшінші айналымына шықты
Фото: gotennis.ru 13.03.2023 09:42 875

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесті.

Рыбакина тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Елена келесі айналымда испаниялықтар, әлемнің 22-ракеткасы Паула Бадоса немесе рейтингте 88-сатыда тұрған Нурия Парризас-Диастың біреуімен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға