Жаңалықтар

Элементарно, Ватсон!

Ватсон – жасанды саналық компьютерлік жүйе. IBM компаниясы жасап шығарған суперкомпьютер.
18.07.2014 06:36 3233

Ватсон – жасанды саналық компьютерлік жүйе. IBM компаниясы жасап шығарған суперкомпьютер. Бұл компьютердің атауы IBM-ның CEO-сы Томас Ватсонның құрметіне қойылған. Компьютер арнайы «Джеопарди» ойынында сұрақтарға жауап беру үшін жасалынып шығарылды. 2011 жылы Ватсон сол ойынның жеңімпазы атанды. Алғашқы жүлдесі $1 құрады. 2013 жылдың ақпан айынан бастап компьютер коммерциялық мақсатта пайдаланыла бастады.

Элементарно, Ватсон!

Компьютер натуралды тілде сұраққа жауап беру механизмі негізінде құралған. Сонымен қатар ақпаратты ұсыну технологиясы, автоматты тану және машиналық оқуты технологияларын пайдаланады. Ал ішкі үрдістерінде 100-ден аса техника қолданылады. Софтында DeepQA және Apache UIMA-ны пайдаланады. Жүйе бірнеше тілде жазылған, оның ішінде Java, C++ мен Prolog. Темір жағына келгенде, POWER7 процессоры негізінде жұмыс атқарады. RAM-ның көлемі 16 терабайт және ядросында POWER7-дың 2880 данасы бар. Секундына 500 гигабайт ақпарат өңделеді, оның көлемі миллион кітапқа пара-пар келеді. Ал компьютердің хардының құны – $3 млн

Компьютердің ақпарат базасы энциклопедия, сөздік, анықтамалық, мақала мен әдеби шығармалардан тұрады. Сонымен қатар арнайы білім базаларын да пайдаланады. Қазіргі таңда Ватсонды басқа мақсатқа пайдалану көзделіп жатыр. Жинақталған білімді медициналық және экономикалық мәселедерді шешу маңыздылығы артуда. Мысалы, ракты зерттеу, оны емдеу тәсілдерін анықтауда оның қуаттарын пайдаланып жатыр.

Зерттеушілер серверлерді кішірейті мақсатында жұмыс істеп жатыр. Ватсон компьютерін пиццаның қорапшасына дейін сыйғызу жоспарда. Жұмыс барысында 128 компьютерді бір құрылғыға жинауға мүмкіншілік туды. Алдағы уақытта Square Kilometer Array жобасы аясында Ватсон компьютері пайдаланылмақ. Телескоптан түскен бүкіл ақпараттарды өңдеп, қорытынды шығарып отырады.

Жақында IBM компаниясы Ватсонның мүмкіншіліктерін сыртқы тұтынушыларға ашуды жоспарлап отыр. Қызметті бұлтты технология арқылы ұсынбақшы. Жүйенің 40-тан астам қызметін пайдалануға мүмкіншілік туады. Осы жобаны іске асыру үшін 500-ден аса мамандар тартылды. Ватсон негізінде жаңа жасанды интеллект жасап шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ватсон үлкен мәліметтермен жұмыс істейді. Соның бір мысалы ретінде, Point Defiance компаниясы компьютердің көмегімен өздерінің билет сатылымдарын 700%-ға, лоялды сатып алушылар санын 3 есе арттыра алды. Ал шығындарды 10%-ға төменді. Деректерді өңдей отырып, осындай жақсы көрсеткіштерге жетуге болады. Ватсон секілді компьютерлерің болашағы зор, олар әлі де «жас», бірақ есейгенде олар адамзатқа үлкен пайда әкеле алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға