Жаңалықтар

Елбасы бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады

Астанадағы Оқушылар сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Жаңа жылдық шырша өтіп, оған елордалық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардың балалары қатысты.
25.12.2014 09:39 9259

Қатысушыларға Елбасының атынан түрлі сыйлықтар: шақыру билеттері, кітаптар, ойыншықтар, планшеттер, тәттілер табысталды.  Сонымен қатар, шара барысында Мемлекет басшысының бейнеқұттықтауы көрсетілді.  

«Құрметті балалар! Жаңа жыл барлық қазақстандықтардың үйлеріне қуаныш пен шаттық әкеледі. Осы күндерде біз ескі жылды тарих қойнауына тапсырамыз. Ол біздің барлығымыз үшін ерекше болды. Біз бұл мерекені жаңа жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Сендердің барлықтарыңның биыл жақсы нәтиже көрсеткендеріңді мен білемін, өйткені бұл шыршаға тек белсенді әрі талантты балалар ғана шақырылады. Сендердің барлықтарың жыл бойы жақсы бағалар алып, түрлі конкурстар мен жарыстарда жеңіске жеттіңдер. Мен осы үшін өте қуаныштымын. Мен барлық қазақстандық балалардың мықты, ақылды әрі қайырымды болып өскендерін қалаймын», - деді Н.Назарбаев өзінің балаларға арнаған бейнеқұттықтауында.

Елімізде балалардың білім алуына, демалысы мен дамуына барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. Елбасы сондай-ақ барлық балалардың білімді болып өсіп, Отаны - Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестерін қосатынына сенетінін атап өтті. 

Осы шырша мен сыйлықтар сендер үшін ұмытылмас естелік болып қалады деп үміттенемін. Жаңа жылда сендерге денсаулық пен бақыт тілегім келеді. Барлықтарың сабақты жақсы оқып, спортпен айналысып, түрлі үйірмелер мен секцияларға барыңдар. Олар кейін есейгенде өз пайдасын тигізеді. Барлық армандарың орындалсын! Жаңа жыл құтты болсын, айналайындар!» - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ, мерекелік шыршаға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, елордалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева қатысып, балалармен бірге шыршаны айнала ән салып, би биледі.

Дәурен Омаров

Фото - Ғабит Мадалиев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға