Жаңалықтар

ЭКСПО-да Финляндия ұлттық күнінің ашылуы болды

Финляндия тәуелсіздігіне 100 жыл
ЭКСПО-да Финляндия ұлттық күнінің ашылуы болды
20.06.2017 12:03 5619

Бүгін ЭКСПО аясында Финляндияның ұлттық күнінің ашылуы болды. Мерекелік іс-шара осы елдің тәуелсіздігіне 100 жыл толуына орай өткізуде. Бағдарламаның мақсаты – көрермендерді Финляндияның құндылығы: таза табиғаты мен таза энергиясымен таныстыру.

Мерекелік концертті ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ашып берді.

«Бүгінгі іс-шараның Қазақстан мен Финляндия үшін үлкен маңызы бар. Финляндия жасыл технология саласында ең озық елдердің бірі. Таза технологиялар секторындағы компаниялардың әлемдік нарыққа экологиялық технологияларды беруде озық үлгісін танытып жатыр» – деді министр.

Оның сөзінше, еліміз халықаралық қоғамдастыққа үлкен беделге ие. Оған саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеудегі жетістіктер, сондай-ақ, сыртқы саясат сияқты көптеген факторлар ықпал етеді. Сол секілді бүгінгі Финляндия да көптеген елдер үшін үлгі болып отыр.

«Финляндия 100 жылдығын атап өтуде, ал оның ішіндегі 25 жыл біздің елімізбен тығыз қарым-қатынас орнаған болатын. Бүгінгі таңда, Қазақстанға энергияны сақтау, қалдықтарды өңдеу, суды тазарту және білім беру салаларындағы технологияларды тарту бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда, Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мүддесіне сүйене отырып, тоқтамай, жұмыстың одан ары бағыттарын жандануын қалаймын. Қазірдің өзінде көп нәрсе жасалды, көп нәрсе жасалуы тиіс» – деп, Қанат Аладбергенұлы досшыл фин халқының ұлттық мейрамымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Өз кезегінде Финляндия Президенті Саули Нийнистё: «Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуімен құттықтаймын! Финляндия осындай халықаралық көрмеге қатысып отырғанын мақтан етеді. Қазақстан саяси және экономикалық жоспарымыздағы маңызды серіктес. Біз еліміздің тәуелсіздігінің 100 жылдық мерекесін тойламақпыз, Қазақстан секілді осы жылдар ішінде жаңғыруымыз үшін өте көп күш жұмсадық. Міне, қос мемлекеттің достық қарым-қатынас орнатқанына 25 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде біз Қазақстанның жақын серіктесіне айналып, жаңғыруының куәгері болдық. Мен осы елдің халықаралық аренада жеткен жетістіктерімен құттықтағым келеді. ЭКСПО – Қазақстан экономикасы динамикасының кезекті көрінісі» – деді.

Келген қонақтар Финляндиядағы ең атақты адам – Лапландияның Санта-Клауспен кездесіп, аталған елден келген өнерпаздардың концертімен көңіл сергітті. Жан тебірентер әуен, мың бұралған бишілер, сиқыршылардың көз арбар талантына тамсанды. Концерт соңында фин әншісі қазіқ тілінде «Риазамын мен» әнін орындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға