Екі бала Ертіске батып кетті: суға түскенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

Екі бала Ертіске батып кетті: суға түскенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысының полиция департаменті құтқарушылардың екі баланың денесін Ертіс өзенінен алып шыққанын хабарлады. Ақпарат бойынша оқиға Нахаловка ауданында болған. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс өзенінде шомылып жүрген 11 және 10 жастағы екі бала суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері су айдындарында профилактикалық рейдтерді жалғастырып жатыр. Ерекше назар су жағасында ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға және шомылуға арналмаған орындарға аударылған, – делінген ақпаратта. 

Суға шомылу кезіндегі нені есте ұстаған жөн?

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары мынадай:

  • Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар;
  • Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
  • Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
  • Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз;
  • Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз;
  • Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Тыйым салынады:

  • Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
  • Қатты толқын кезінде суға түсу;
  • Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу;
  • Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;
  • Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
  • Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
  • Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

Барлық балалар ережелерді есте сақтауы керек:

  • Суға тек арнайы жерлерде түсу;
  • Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
  • Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
  • Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
  • Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
  • Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
  • Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
  • Суға тек қасыңда үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.

Оқи отырыңыз