«Екі адам қаза тапты» : Өскемендегі жарылыстан не белгілі?

 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өскемен қаласында «Қазцинк»  ЖШС-да болған жарылыстан екі адам көз жұмды. Өндіріс орнында оқыс жағдай болып, бес адам зардап шеккен. 

Оқиға қашан болды?

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған. Түтінсорғышты тазалау барысында жарылыс болып, салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған. ТЖМ бөлімшелері өртті толық сөндіру және зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылып, жағдай толық бақылауға алынған.

Оқиға салдарынан екі жұмысшы қаза болып, бес адам зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, шаң бүкіл аумаққа тараған. Шаңнан қауіпті зат анықталмаған. Қазір жұмыс тобы жұмылдырылып, апаттан кейін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шаңның таралуы тіркелген, бірақ рұқсат етілген нормадан асу және қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі анықталған жоқ, – делінген мәліметте.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Компания қандай қадамға барады?

«Қазцинк» компаниясы марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. 

Қаза болғандардың отбасына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі, оның ішінде материалдық және психологиялық қолдау да болады, – делінген ақпаратта.

Үкімет жағдайды бақылауға алды

Өскемендегіжарылыстан кейін, премьер-министр Олжас Бектенов  өндірістегі жағдайға байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Үкімет отырысында Үкімет басшысы төтенше жағдайдың себеп-салдарын жедел анықтап, барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрлігі, Облыс әкімдігі қажетті шараларды қабылдап маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады, – деді Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз