Жаңалықтар

«Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды

«Еңбек жолы» байқауына өтінім қабылдау басталды
05.07.2022 04:34 1544

Елімізде жыл сайы дәстүрлі түрде өтетін «Еңбек жолы» республикалық байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды EL.KZ.

Аталмыш конкурсқа бірнеше номинация бойынша қатысуға болады.

1) Үздік еңбек әулеті.

Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.

Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) Өндірістің үздік жас маманы.

Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

1 орын үшін – 1 000 000 (миллион) теңге;

2 орын үшін – 500 000 (бес жүз мың) теңге;

3 орын үшін – 200 000 (екі жүз мың) теңге сомасына ақшалай сертификаттар беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға