Дохада дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
60 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрқанат Серікбаев Олимпиада ойындарының жеңімпазы Наохиса Такатодан ширек финалдық кезеңде таза жеңіліп, жұбаныш белдесуде күресуге мүмкіндік алған.
Дегенмен қола медаль тағдыры шешілетін айқаста отандасымыз грузиялық Георгий Сарданашвилиден жеңілд.і Осылайша ол спорттық мансабындағы алғашқы әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады.
Бұған дейін 48 келіде Абиба Әбужақынова жартылай финалға шыққанын хабарлағанбыз. Атырау облысының өкілі 1/8 финалда Сербия спортшысын айқын басымдықпен ұтты. Енді Абиба Әбужақынова финал жолдамасы үшін франциялық Ширин Буклимен шеберлік байқасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда пара алған колледж директоры сотталды