4-11 қазан аралығында Әзербайжанның Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 93 елден 622 дзюдошы келген. Біріншілікте алтын жүлде үшін екі мың ұпай беріледі. Бұл – Олимпиадаға бет алған спортшы үшін таптырмас мүмкіндік.
5 қазан күні ел атынан 66 келідегі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев пен Ақылбек Жұбатқан шықты. Серікбаев алғашқы айналымда Алжир өкілі Моудетереге қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жетті. Алайда екінші айналымда Такеши Такиокаға жол берді. Спортшыға жеребе жолдас болмағаны белгілі. Десе де Нұрқанат жапон мықтысына барынша төтеп беруге тырысты.
Ал Ақылбек Жұбатқан алғашқы айналымда Диего Калихты жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бірақ екінші айналымда тәжік Нұрали Емомалиден таза жеңілді.
Кіл мықтылар бақ қосты
Баку татамиінде әлемнің үздіктері жиналды. 48 келіде 2025 жылғы әлем чемпионы Асунта Скутто, Вакана Кого, Сабина Гилязова, Ширин Букли, Абиба Абужақынова келді. 60 келі салмақта Рюдзю Нагаяма, Балабай Агаев, Ромен Валадье-Пикар, Лука Мхеидзе, Аюб Блиев қатысты.
Бүгін 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпионы әрі бес дүркін әлем чемпионы Ута Абэ, Одетте Джуффрида, Маша Балльхаус сынға түседі. 66 келіге дейінгі салмақта төрт дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэ, былтырғы әлем чемпионы Такаэси Такэко, сол жылы күміс алған Нұрали Эмомали, оған қоса Рамазан Абдулаев пен Мұрад Чопанов бар.
57 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионы Этери Липартелиани, Момо Тамаоки из Японии, Сара Леони-Сизик, Ирина Зуева келді. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Хидаят Гейдаров, Жоан-Бенжамен Габа, Даниел Карнин, Махмадбек Махмадбеков, Данил Лаврентьев, Мухиддин Асадуллоев бар.