Коллаж El.kz

Дженнифер Лопес қазақстандық әншінің каверін бөлісті

Қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринова америкалық жұлдыз Дженнифер Лопестің «Ain’t Your Mama» әнін қазақ тіліне аударып, орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Толыққанды бейнебаян секілді жазылған кавер әлеуметтік желілерде тез танылып, 1,9 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаны Дженнифер Лопестің өзі де байқап, парақшасында бөлісті.

Біз Дженнифер Лопестің парақшасына шықтық. Менің негізгі мақсатым – қазақ тілін әлемдік деңгейге шығару. Джей Лоның парақшасына шығу – осы мақсатқа апаратын жол еді. Ол орындалды. Ойлаңыздаршы, барлық жұлдыздар мен бүкіл әлем қазақ тіліндегі әнді тыңдап жатыр. Концерттен кейін оның әнін аударуым керек деп шештім. Түні бойы аударып, 3-те студияда жазып, таңғы 4-те ән дайын болды, – деді Мөлдір Байбуринова.

Айта кетейік, Алматыдағы Орталық стадионда Дженнифер Лопестің ауқымды шоуы өтті. Оған 27 мың көрермен қатысты, оның ішінде 35 елден келген 7 мың шетелдік қонақ болды. Бұған дейін шетелдік әндерді қазақ тілінде шебер орындап, көптің ықыласына бөленген Мөлдір Байбуриновамен сұхбаттасқан едік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Moldir Baiburinova (@baiburinova_)