Жаңалықтар

Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының тынысы мен тіршілігі

Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының тынысы мен тіршілігі
17.08.2023 10:44 1653

Әлемнің шартарабына тағдырдың жазуымен тарап кеткен, Алтайдан Анадолыға дейін 9 мың шақырымды басып, ұлт болашағы, ұрпақ қамы үшін кеткен қазақтардың тар жол тайғақ кешу заманы еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан басталды.

Ата жұртын сағынған қазақтың көзінен жас кетіп, аңсаған атамекеннің қаратопырағына алғашқы қандастардың аяғы 1991 жылы тиіп еді. Одан да бері 32 жыл өтіп кетті. Ұрпақ өсіт, ағаларымыз ата-бабалырымыздың амантын жеткізіп, Арқаға қайтты. Осы кезден бастап мемлекет көші қон саясатына ерекше мән беріп, нақты қадамдар жасай бастады. Мұның дәлелі 1992 жылы сол кездегі экс Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен өткен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.

Википедия ғаламторында Қауымдастық туралы осындай ақпарат бар екен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның 1-орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев. Қауымдастықтың негізгі мақсаты — республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегат қатысты.

Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.

Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады.

Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.

Қауымдастықтың елдің барлық қалалары мен облыстарында  облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады».

2018 жылы Дүниежүзілік қазақтар Қауымдастығының жұмысын қаржылық қолдау мақсатында "Отандас«ар" қоры құрылды. Оның басшылығына сол кездегі биліктің шешімімен Нұртай Әбықаев басшылыққа сайланды. Тек ғана қаржылық қолдау көрсетуге тиіс ұйым кейіннен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрамынан шығып, Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық мекемесіне айналды.

Қоғам белсендісі Өркен Несіпбекұлының былай дейді: «Алғаш құрылғанда бұл ұйымды мемлекетіміз жан-жақты талқылап, шет елдермен құрған дипломатиялық қатынасымызға нұқсан келмесін деп, әдейі қоғамдық ұйым ретінде қабылдағанын сол кездегі істің бас қасында болғандар қазір де білетін көрінеді. Әйтпесе сол кезде бұл ұйымды Үкіметтік деңгейде құруға мемлекетіміздің дән-дәулеті жетпей қалды, немесе мемлекет теріс шешім шығарған деп көруге қалай болады. Қайта үкіметтік емес етіп құрғаны мемлекетіміздің саясатта ешбір қателік жібермейтінін көрсетіп отыр. Бұл саясаттың дұрыс болғанын 32 жылғы өмір өзі дәлелдеді. Осы саясатты бұрмалаушылар және Қауымдастықты құлатамыз деп жүргендер егер мықты болса неге сол кезде бұл ұйымды үкіметтік етіп құрмадыңдар, сол кезде барлығы қолдарыңда тұрды ғой деп айтып көрсінші, айта алмайсыздар! Дәл осы мәселені көтеріп, Отандастар қорын қолпаштап жүргендер Мемлекет саясатына қарсы екендеріңізді өздеріңіз шынымен ұқпай жүрсіздер ме? Президентімізден, Үкіметімізден, күнделікті бәрін қарап, бақылап отырған Президент Әкімшілігінен ұйялмайсыздар ма? Егер шындықтан аспаймыз десеңіздер мемлекет саясатына сызат түсірмеңіздер».

Дүниежүзі Қазақтарының бесінші құрылтайынан Қауымдастықтық іс қызыметін алдағы уақытта бөгетсіз жүргізіп тұру үшін өздеріне арнап қор құрғаны нақты өмірдің шындығы болатын. Қауымдастықтың төртінші құрылтайында осы мәселе қозғалып, ақыры бесінші құрылтайдан қорын құрып, енді алда іс-қызметіміз өрге басатын болды деп делегаттар бөркін аспанға атып, әлем қазақтарына сүйіншілегені де рас болатын.

Жақында осы Дүниежүзілік қазақтар Қауымдастығына әдейі бардым. Зауытбек Тұрысбеков ағамыз басқаратын қауымдастықтың қазріг хал-жағдайы тым мүшкіл. Өзінің патриоттығы мен ісіне берілген бірнеше апаларымыз бен ағаларымыз қасиетті қара шаңырақты сақтап қалу үшін қолдарынан келген істерін атқарып, күні түні тегін жұмыс істеп отырғанын көріп таң қалдық. Жетпіске келіп қалған зауытбек ағамызда әлі де тың, алдына қойған мақсатына жетерлік қауқары бар, беделді азамат. Бұған дейін облыс әкімі, министр, шетелдерде он шақты жыл елші болған азаматтың қандастардың қамы үшін үндемей атқарып жатқан шаруалары көп екен. Өкінішке орай, ақпараттық насихат жұмыстарының дұрыс жүргізлімеуі салдарынан көптеген игі істері қоғам назарынан тыс қалғандығын байқадық.

Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы қауымдастықтың қазіргі қолға алып отырған жобалары жайлы біраз мағлұматтар берді. «Өткен Ұлттық құрылтайдан халықты шекера аймақтарына шоғырландырудың маңызын атап өтті, әсіресе Шығыс қазақстанның Марқакөл сияқты өңірлерін, және Оңтүстіктің көптеген елді мекендеріне қоныстандырудың мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл орайда стратенгиялық маңызы зор, шекаралас аймақтардың тағдырын шешуге, әрмен дамытуға байланысты ұсынысын Дүниежүзі қазақтар қауымдасатығы қолдап, дәл осы тапсырманы орындауға байланысты бағдарлама жасауды ұсынады. Қауымдастықтың «Асар» бағдарламасына сүйене отырып, Шығыс Қазақстанның Марқа-көл өңіріне  Қытай қазақтарынан жүзмың, Солтүстік Қазақстанға Өзбекстаннан жүз елу мың, Павлодар, Ақмола обылыстарына Монголядан он мың қандастарымызды қоныстандыру мүмкіндік бар.

Сондықтан осы мүмкіндікті қарастыратын жұмыс тобын құрайық. Жұмыс тобына ДҚҚ-ғы, Еңбек және әлументтік қамсыздандыру министірлігі, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары, олармен қоса Павлодар, Ақмола облыстарын қатыстырайық, бәріміз бас қосайық, жерінен көрейік. Қай өңірге қанша адамдарды қоныстандыру мүмкіндігі бар екенін анықтайық. Қоныстанатын әрбір адамға беретін квота, жеңідіктерді белгілеп, әр отбасыға берілетін пәтердің проектісін, қаржысын өздеріне беріп, өздеріне берілген сүрет бойынша тұрғызып алуды тапсырайық. Онымен қоса тұрғылықты отыратын ауыл, ауданның проектілерін жасап өздеріне тұрғыздырайық, асфальт жол, су, әлектр жарығы, газ құбырларын толық шешейік. Сол өңірді дамытуға байланысты барлық мәселені түгелдей шешіп, өндірістендіру, әрбір адамды тауар өндірушіге айналдыру саясатын ұстанайық. Мектеп, бала бақша, дәргер оындарымен толық қамтиық. Егін, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы мүмкіндік тудырайық, жасылдандырып орман алқабын кеңейтейік. Осы ауыл, аудан, өңірлерді қоныстанған адамдардың өздеріне басқартайық, маманды адамдардың барлығын болып жатса өздерімен бірге әкелуге ақыл кеңес берейік. Сондықтан келетін адамдар өздерінің ағайын, туыстарымен, жан ашитын жақындарымен, қоныстастарымен бірге келуге үндейік, алдын ала хабарлайық. Оның үстіне келгендерге сувсидия берілетінін, жеңідіктер үнемі көрсетіліп отыратынын, қоныстанған алғашқы 5 жылда айлық, жалақы,пенсия, қосымша көмектер екі есе артық беріліп отыратынын келемдеушілерге күні бұртын естіртіп, оларды қалай көшіріп алу мәселесін өзіміз шешейік. Жалпы Президентің бұл тапсырмасын тек қандастарды тарту арқылы толығынан шеше алмаймыз, өз ішіміздегі соның ішінде жұмыс күші артық аймақтардан адамдарымызды дәл жоғарғы тәсілмен шоғырландыруымыз дұрыс. Өйтпеген де барлығынан айырыла береміз, мәселені басынан бастап түбегейлі шешпегендіктен шығынға да қайта-қайта бата береміз. Біз осылай қарекет жасмасақ алдымызды аша алмаймыз. Соның ішінде шекара аймақтары өте өзекті мәселенің бірі, біз осылай шекарамызды қорғап сақтауды да алдын ала ойланумыз дұрыс, шынын айтқанда шекарамыздан жорғалаған тышқанда өте алмауға тиіс. Онымен қоса қаламен ауылдың тірлігін бірдей ету мүмкіндігі де осылай жалғаса береді» деді.

Расында елімізге жыл сайын мыңдап келіп жатқан қандастардың мәселесі өзекті мәселенің бірі. Әлемнің барлық елдері өзінің қандастарын жинап, халық санын өсіру үшін жанталасып жатқан шақта елге оралған қандастарды өзектен теппей, өгейлік танытпай, қолдау көрсету мемлекеттік басты көші-қон саясатының бірі екені сөзсіз. Ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізетін мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсара түсетін белгілі. Тіпті көршілес Ресейді өзі шетелдегі отандастарын жинау саясатын сонау тоқсаныншы жалдардан бастап кеткені белгілі. Ендеше қоғам болып, еліміздің зиялы қауымы Қауымдастықтың тыныс тіршілігіне өз үлестерін қосады деген үміттеміз. Ал мемлекеттік көші қон саясатына жауапты тұлғалар Қауымдастықпен «Отандастар» қоры арасындағы ара жікті ажыратып, нақты жұмысқа бет бұратын кез келген сияқты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға