Дуа Липа мен Каллум Тернердің жабық форматтағы тойы қалай өтті

 21MetGala
Фото: 21MetGala

Әлемге әйгілі британдық әнші Дуа Липа актер Каллум Тернермен некесін қиды. Жұлдызды жұптың үйлену тойы жабық форматта өткен. Дуа Липа мен Каллум Тернердің махаббат хикаясы қалай басталды, той қалай өтті және олар туралы не белгілі? Осы материалда тарқатамыз.

Тойға 45 адам қатысқан

БАҚ мәліметінше, неке қию рәсімі Лондондағы атақты Old Marylebone Town Hall ғимаратында өткен. Бұл орын бұрын да көптеген танымал тұлғалардың үйлену тойына куә болған.

Той өте шағын форматта ұйымдастырылған. Қонақтар қатарында тек жақын туыстары мен достары болған. Кейбір басылымдардың жазуынша, рәсімге шамамен 45-ке жуық адам қатысқан.

Сыртқа шыққан сәтте жас жұбайларды туыстары конфеттимен қарсы алған. Кейін олар дәстүрлі лондондық қара таксимен кетіп қалған.

Сән сарапшыларының назарын әсіресе Дуа Липаның той көйлегі аударды. Ол дәстүрлі ұзын көйлек емес, ақ түсті сәнді Schiaparelli костюмін таңдаған. Ал Каллум Тернер қою көк түсті классикалық костюм киген.

Фото: Кевин Мазур / Getty Images

Үлкен той Италияда өтуі мүмкін

Бірнеше халықаралық басылымның хабарлауынша, Лондондағы рәсім заңды неке қию ғана болған. Ал негізгі той алдағы күндері Италияның Сицилия аралындағы Палермо қаласында өтуі мүмкін.  

Ақпараттарға қарағанда, мереке үш күнге созылады. Қонақтар қатарында Элтон Джон, әнші Чарли Экс-Си-Экс және сәнгер Донателла Версаче секілді шоу-бизнес пен сән әлемінің танымал өкілдері болуы ықтимал. Алайда бұл мәліметтердің бір бөлігі әзірге ресми расталмаған.

Дуа Липа жайлы ақпарат

Дуа Липа – соңғы онжылдықтағы ең ықпалды поп-орындаушылардың бірі.

Ол 1995 жылы Лондонда дүниеге келген. Ата-анасы Косоводан көшіп келген албан отбасынан шыққан. Әншілік мансабын YouTube желісіне ән каверлерін жүктеуден бастаған. Кейін Warner Records компаниясымен келісімшартқа отырып, әлемдік сахнаға шықты.

Фото: musicboxtv

Дуа Липаның танымал әндері:

  • New Rules
  • Don't Start Now
  • Levitating
  • Physical
  • Houdini

Ол бірнеше мәрте «Грэмми» мен BRIT музыкалық сыйлықтарын жеңіп алған. Музыкадан бөлек, сән индустриясында да ықпалды тұлға саналады. Оның жарнамалық келісімдері мен концерттік турлары жыл сайын жүздеген миллион долларлық табыс әкеледі.

Дуа Липаны – Ұлыбританияның қазіргі поп-мәдениетін әлемге экспорттап отырған негізгі тұлғалардың бірі.

Каллум Тернер кім?

Каллум Тернер – британдық актер әрі бұрынғы модель.

Ол 1990 жылы Лондонда дүниеге келген. Алғашында сән индустриясында жұмыс істеп, кейін киноға ауысқан.

Фото: gq-magazine

Оның танымал жобалары:

  • Fantastic Beasts: The Secrets of Dumbledore
  • Masters of the Air
  • The Boys in the Boat
  • War & Peace

Соңғы жылдары ол Голливудтағы ең сұранысқа ие британ актерлерінің қатарына енді. Тіпті кейбір британдық БАҚ оны келесі James Bond рөліне үміткерлердің бірі ретінде атаған.

Махаббат хикаясы қалай басталды?

Жұп алғаш рет 2024 жылдың басында бірге көріне бастады. Кейін олардың қарым-қатынасы ресми түрде расталып, қызыл кілемдер мен сән көрсетілімдерінде жиі бірге жүрді.

2025 жылы Дуа Липа британдық Vogue журналына берген сұхбатында екеуі сөз байласқандарын алғаш рет растады.

Иә, біз сөз байластық. Бұл біз үшін өте қуанышты әрі толқытатын кезең, – деген еді Дуа Липа.

Ол сондай-ақ Каллумның сақинаны арнайы тапсырыспен жасатқанын айтқан.

Бұл – музыка мен кино индустриясындағы ең ықпалды британдық жұптардың бірі ретінде қарастырылып отырған одақ. Бір жағында әлемдік поп-сахнаның жұлдызы Дуа Липа тұрса, екінші жағында Голливудтағы мансабы қарқынды өсіп келе жатқан Каллум Тернер бар. Сондықтан олардың тойы биылғы шоу-бизнес әлеміндегі ең көп талқыланған оқиғалардың біріне айналды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Оқи отырыңыз