Дональд Трампқа қылмыстық айып тағылды
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа қылмыстық айып тағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Америка құрама штаттары БАҚ-ның хабарлауынша, аталған айыптау актісі төрт пунктен тұрады. Трамп 2020 жылы президент сайлауында жеңілгендігін мойындағысы келмей, Джо Байденнің жеңісін Конгреске растауға мүмкіндік бермеу үшін Ақ үйдің лауазым иелерімен астыртын сөз байласқан.
Оқи отырыңыз:
- УЕФА түрмеде жатқан Қайрат Боранбаевтың қызметін сақтап қалған
- 15 жастағы қызды жүкті қылған Абай облысының тұрғынына сот үкімі шықты
Трампқа арнайы прокурор Джек Смит жүргізген тергеу негізінде айып тағылған.
Бұған дейін Дональд Трампқа құпия құжаттарды сақтауға байланысты айып тағылған болатын. Айыптауда ол құпия құжаттарды заңсыз сақтау мен тергеу жұмыстарына кедергі келтірген делінген.
Айта кетейік, АҚШ тарихында бұрынғы президентке айып тағу бұрын-соңды болмаған.