Жаңалықтар

«Дипломмен ауылға» жобасына бюджеттен 20 миллиард теңге қарастырылады

«Дипломмен ауылға» жобасына бюджеттен 20 миллиард  теңге қарастырылады
Фото: pixabay.com 14.03.2023 13:29 1844

Бұл осы жылы «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитер беруге 3800 маманға қарастырылған қаражат, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуметті арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап іске асырылып келеді.

Экономика вице – министрінің айтуынша 2009-2022 жылдардың қорытындысы бойынша 95 мыңнан аса маман көтерме жәрдемақы және 45 мыңнан аса маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алған.

Сонымен қатар Бауыржан Омарбеков ауылдағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары одан ары қарай жалғасын табатындығын айтты.

«Мемлекет басшысының 2022 жылы  26 қарашада №1 жарлығы қабылданды. Жарлық негізінде ауылдарды дамытудың тұжырымдамасын дайындау Үкіметке тапсырылған болатын. Осы тұжырымдама жобасы дайындалды. Осы бағытта халықтың табысының өсуі және ауылдық инфрақұрылымдық дамытуды қамтамасыз ету арқылы ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді вице-министр.

Осыған дейін Қазақстанда мыңнан астам тұрғын өмір сүретін 6295 ауыл бар екендігін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар «Ауыл –  ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға