Дипломдық жұмысты басқа біреуге жазғызу заңды ма? Вице-министр жауап берді
Дипломдық жұмысты басқа біреуге жазғызу заңды ма? Бұл сауалға ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтен «Әлеуметтік желіде дипломдық жұмысты жазып береміз» деген хабарламалар толып жүр және оған сұраныстың да көп екенін байқауға болады. Студенттер дайын дипломдық жұмысты сатып алып жатқандары да жасырын емес. Неліктен Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жағдайға жол беріп отыр?» деп сұрады.
Оқи отырыңыз:
- ҰБТ-да 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады – вице-министр
- Ақмола облысында бухгалтерлер 83 млн теңгеден астам қаржы жымқырды
Ведомство өкілі бұл мәселе қаншалықты заңды не заңды емес екенін айта алмады.
Менде мұндай жарнамалар шықпайды. Егер қандай да нақты факті болса, министрлікке жіберіңіз. Біз бұл жағдайды қараймыз. Егер сөз алаяқтық туралы болса, онда мұнымен құқық қорғау органдары айналысады. Олар бұл жағдайдың қаншалықты заңды және дұрыс екенін анықтайды. Ғылым және жоғары білім министрлігі университеттерде академиялық адалдық шараларын жүргізіп, насихат жұмыстарын өткізеді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында аталған қағидаттарды бұзуды анықтау механизмдері, антиплагиат жүйесі бар, - деді Қуаныш Ерғалиев.