Жаңалықтар

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады

ҚР Мәжілісі депутаттары Президентке үндеу жолдап, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады.
22.01.2016 10:10 8863

ҚР Мәжілісі депутаттары 13 қаңтар күні Президентке үндеу жолдап, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады.

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады

«Дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет. Тек бірлік пен үйлесімді іс- әрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық соққыларға төтеп беруге мүмкіндік береді», – деді депутат Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының мерзімнен бұрын сайлауын өткізу туралы үндеуі мәтінін жариялау барысында.

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады

Депутат жария еткен үндеуде еліміздегі реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттерімізді барлық деңгейде үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет екендігі айтылған.

«Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға және сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, біз Мемлекет басшысына, ҚР Президентінің 5-ші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамаға жүгінеміз», – деді үндеуді жариялаған Н.Әбдіров.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары отырыс барысында кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдап, дауыс берді.

«Нұр Отан» партиясының атынан Нұрлан Әбдіров: «Елдегі экономикалық ахуалдың өршуіне байланысты кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Тарихи кезеңге аяқ басқалы жатқанда, біз елді жаңғырту мен барлық бағыт бойынша президенттік реформаларды жүзеге асыруды бастаймыз, 2016 жылдың соңына дейін күте алмаймыз. Сол себепті Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлап алуды ұйғардық. Біз үшін әр күніміз қымбат», – деді.

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады

ҚР Президентінің 5-ші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мерзімінен бұрын таратылып, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы  6 рет өтпек. Тарихқа сәл шегініс жасап, Қазақстанның парламентаризімі даму сатыларына тоқталып көрейік.

Бірінші шақырылым (1996-1999 жылдар)

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды. Оспанов Марат Тұрдыбекұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болды.

Екінші шақырылым (1999-2004 жылдар)

1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді. Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды.

Екінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы болды.

Үшінші шақырылым (2004-2007жылдар)

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте  өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Мұхамеджанов Орал Байқонысұлы.

Төртінші шақырылым (2007-2011жылдар)

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда өтті. Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Мусин Аслан Есболайұлы.

Бесінші шақырылым (2012 жыл)

Бесінші рет сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды. Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7 %-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19 %). Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан - 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясынан 9 депутат бар. Мәжілісте барлығы 107 депутат жұмыс істейді.

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады 

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының рөлі

Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – қоғамды одан əрі демократияландыру. Бұл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мəні қандай? Біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін Парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзіреті едəуір кеңейтілді. Президенттің құзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент Үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып-кеңесуден кейін əрі Мəжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни Президент үкіметті жасақтауды Мəжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-Министрді бекітуде демек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мəжіліске беріледі.

Парламенттің мəртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді:

Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мəселен, Мəжілісте енді 107 депутат болады.

Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропорционалды негізде партиялық тізім бойынша сайланады.

Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға, əрі депутаттардың сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі.

Парламент бюджетті бекітуге ғана емес, оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік деп танылады. Мəжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген түзетулерге сəйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдында ғана емес, Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді. Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сəйкес Мəжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады

Сенат пен Мəжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мəжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді. Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа деңгейге көтеріледі. Мəслихаттардың бұл бағыттағы мəртебесі күшейтіледі. Жергілікті мəслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылады.

Депутаттар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізуді сұрады

Тəуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бəсекеге түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нəтижесінде «Нұр-Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық- демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға