Жаңалықтар

Депутат Асхат Аймағамбетов әке тәрбиесінің маңызы туралы айтты

Депутат Асхат Аймағамбетов әке тәрбиесінің маңызы туралы айтты
25.09.2023 11:20 2796

Депутат Асхат Аймағамбетов журналист Әйгерім Сейфулланың YouTube арнасына берген сұхбатында бала тәрбесіндегі әке рөлінің маңызы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұл балаларға да, қыз балаларға да әке тәрбиесінің маңызы зор. Баланың болашағы жарқын болуы үшін әкесі мен шешесінің бірдей қамқорлығы мен махаббаты керек. Туғаннан бастап біз әке болып тумаймыз. Әке болу деген, ең бірінші кезекте, өзіңмен жұмыс істеу. Бірінші мәселе – айтып тәрбиелеу. Екіншіден, өз-өзіңді тәрбиелеу. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп айтады ғой. Күнделікті өзіңнің іс-әрекетіңмен балаға үлгі болсаң, тәрбие деген сол, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Аймағамбетов өзінің бала тәрбиесінде ұстанатын қағидаларын бөлісті.

Міндетті түрде балалармен ойнау керек. Мен де балаларыммен ойнаймын. Балаға қандай ойын қызықты, сол ойындарды ойнаймыз. Бұл жерде баланың жас ерекшелігіне, көңіліне, ынтасына байланысты. Кейде арқама мініп алады. Конструкторлармен, тығылыспақ, ертегі айтып беру, басқа да ойындар ойнаймыз. Ол баланың көңіліне байланысты. Ойнау – өте маңызды дүние. 6-7 жасқа дейінгі бала – ойын баласы. Оған айтып түсіндіруден гөрі ойнау қызықты. Баланың ең басты әрекеті – ойын. Бала көп нәрсені ойын арқылы үйренеді. Екіншіден, үлгі. Менің, анасының, ағасының кітап оқып отырғанымызды  көреді. Соны көрген төрт жастағы балам кітап оқып жатқан сияқты болып, қолына кітап ұстап жатады. Сосын қазақша комикстер бар. Сол комикстерді әртүрлі дауыспен оқып береміз. Балаға осылай ойын арқылы үйреткен қызықты, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға