Жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі Павлодар облысындағы ауруханаларды аралады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Денсаулық сақтау вице-министрі Павлодар облысындағы ауруханаларды аралады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 22.12.2022 00:25 970

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Кардиологиялық орталық пен Облыстық балалар ауруханасына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 2 млн-нан астам халқына қызмет көрсетеді.

Мұнда жүректің VI күрделілік деңгейіндегі түзету хирургиясының барлық спектрі ашық жүректе жасалады: коронарлық шунттау, қақпақшаларды түзету, туа біткен жүрек ақауларын түзету. Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының  құрылымына кардиологиялық және кардиохирургиялық клиникалар кіреді.

Кардиохирургия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, анестезиология және реанимация, клиникалық фармация, сондай-ақ шұғыл кардиология, кардиология бөлімшелерімен 85 және 120 төсектік екі клиника; кардиохирургиялық операцияларды немесе миокард инфарктісін бастан өткерген пациенттерді оңалтудың екінші кезеңінің физиотерапия бөлімшесі, сервистік бөлімшесі, бөлімшесі жұмыс істейді.

Бұл кардиорталық  Павлодар облысы бойынша қанайналым  жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуде куратор болып табылады.

Денсаулық сақтау вице-министрі аурухана басшылығымен бірлесіп коммуналдық төлемдердің, медициналық бұйымдар мен шығыс материалдарының қымбаттауын, дәрігерлердің жалақысын арттыруды ескере отырып, медициналық қызметтерге тариф белгілеудің проблемалық мәселелерін талқылады. Кардиоорталықтың бас дәрігері Гүлжанат Жақованың айтуынша, аралас операцияларға тарифтерді қайта қарау қажет, бұл ретте бірден бірнеше араласуды жүргізуге жұмсалатын шығындар едәуір артады.

Жыл басынан бері кардиоорталықта барлығы 4696 пациент, оның ішінде шұғыл түрде 2762 пациент емделді.  Ашық жүрекке 557 науқасқа операция жасалып, 629 операция жасалды. 1407 интервенциялық операция, 2169 интервенциялық зерттеу жүргізілді.Өткен жылдың ақпан айынан бастап клиниканың  базасында инсульт орталығы ашылды, онда 1279 пациент емделді.

Одан кейін ведомство басшысы 500 төсекке арналған балалар ауруханасына барды. Оның құрамында хирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, соматикалық, кардионефрологиялық, неврологиялық және басқа да бөлімшелер жұмыс істейді, сондай-ақ мұнда 170 төсектік балалар инфекциялық  аурулар стационары орналасқан.

Өңірдің медициналық ұйымдарына барған кезде В. Дудник дәрігерлердің де, орта персоналдың да өңірдегі кадрлармен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды. Ол жергілікті атқарушы органдар медицина қызметкерлерін оқытуға арналған шығыстарды көздеуі тиіс екенін атап өтті. Денсаулық сақтау менеджерлерімен талқыланған екінші мәселе - медициналық объектілерді, соның ішінде ауданаралық ауруханаларды салу және қайта құру мәселесі болды. Проблемалық мәселелердің үшінші блогы – бұл жабдықтың тозуы барлық рұқсат етілген шектен асатын өңірдің медициналық ұйымдарын техникалық жарақтандырумен жағдайды жақсарту қажеттілігі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға