Жаңалықтар

Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші қайтыс болды

Өрт сөндірушінің артында әйелі мен 2 баласы қалды
Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші қайтыс болды
Фото: sn.kz 20.11.2022 13:49 1184

Қызмет кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды El.kz

«Бүгін ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды. Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек етті. Асқар Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие. Асқардың әйелі мен екі баласы қалды. Төтенше жағдайлар министрлігі қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», -  деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға