Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі азаматтарды қабылдады

Дархан Қыдырәлі азаматтарды қабылдады
Фото: © АҚДМ 16.08.2023 15:00 706

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелеріне құлақ түрді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында министр азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты мен ақпарат саласындағы жұмыстар туралы айтып берді.

Өз кезегінде қабылдауға келген жандар жастар жайы, отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамдық жобаларға грант беруге қатысты түрлі сұрақтар қойды. Сонымен қатар отандық брендтерді дамыту үшін телесериалдар түсіру, ақпарат құралдарын шығару, үкіметтік емес ұйымдарды өркендету мәселесі сөз болды, - делінген мәліметте.

Министр азаматтарды мазалаған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелер жұмыс барысында назарға алынатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы шілде айынан бастап Астанадағы Министрліктер үйінде азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастаған еді. Орталық Халықпен жұмыс жөніндегі орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай фронт-желісі болуға арналған. Оның құрылуы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі үлкен жұмыстың жалғасы болып табылатынын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға