Жаңалықтар

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Қазақстанның табиғаты өте бай, бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерге толы. Кең байтақ жеріміздің қай өңіріне барсақ та, көздің жауын алатын, сол өлкеге тән ерекше флора әлемін көруге болады.
25.06.2015 05:39 76387

Қазақстанның табиғаты өте бай, бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерге толы. Кең байтақ жеріміздің қай өңіріне барсақ та, көздің жауын алатын, сол өлкеге тән ерекше флора әлемін көруге болады. Өсімдіктер «өмірін» зерттеушілер қазіргі таңда Қазақстан аумағында ағаштың 68, бұтасын өсімдіктердің 266,  көпжылдық өсімдіктердің 2 598, біржылдық өсімдіктердің 849 түрі кездесетінін айтуда.  Будандастыру үрдісінің пайда болуынан бастап жыл санап өсімдіктердің түрлері мен түстері артып келеді. Мәселен, бір ғана шырайгүлдің 15-тен 40-қа жуық, ал астраның 200-ден 500-ге жуық түрі кездеседі екен.  Жанға жайлы әсем әуенмен жасалған төмендегі роликте кездесетін кейбір дала гүлдерінің қандай мағына беретінін және өзге тілдерден қалай аударылатыны жайлы қысқаша мәлімет беріп отырмыз.

ПЕТУНИЯ – АШУ-ЫЗА ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ.

Петуния (шырайгүл, лат. Petunia) – биіктігі 10 см-ден 1 метрге жуықтайтын көпжылдық өсімдіктердің бірі. Петуния атауы португал тілінен аударғанда «темекі, шылым» дегенді білдіреді. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентине және Уругвайда өседі. Бағбандардың өмірінде петуния үлкен рөл атқарады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады.

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

АСТРА – МАХАББАТТЫҢ БЕЛГІСІ, ӨТКЕН КҮНДІ ЕСКЕ АЛУ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ.

Астра – әдемі гүлшанақтары бар, сәндік мақсатта өсірілетін дала гүлі. Шамамен 200-ден 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда астраның ақ, қызыл, көкшіл түрлері өседі. Астра атауы гректің «астер» яғни «жұлдыз» деген сөзінен шыққан. Аңыз бойынша жұлдыздан құлаған тозаңнан аталмыш гүл өніп шыққан деседі.

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

НӘРКЕС – АЛДАНҒАН СЕЗІМ, ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ.

Нәркес  - ерте көктемде гүлдейтін шөптесін, пиязшық өсімдіктердің бірі. Қазақстанда нәркестің  көбіне сары, ақ түстері кездеседі. Нәркес  жұпар иісінің арқасында «басын айналдыру, есеңгірету»  деген атауға ие болған. Көне Парсы елдерінде нәркесті «әдемі жанар, сұлу көз» деп атаған.

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

ҚҰРТҚАШАШ – СЕНІМ, АҚЫЛ, ҮМІТ, БАТЫЛДЫҚ МАҒЫНАСЫН БІЛДІРЕДІ.

Құртқашаш – жер шарына кең таралған өсімдіктердің бірі. Шамамен түрлі түстегі және түрлі пішіндегі 800 түрі кездесетіндіктен, «кемпірқосақ» (грек тілінен аударғанда) атауына ие болған. Қазақстанда 20-ға жуық түрі кездеседі, ғимараттардың ауласына, арнайы гүлзарларға әдемілік үшін отырғызылады.

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

ЛАЛАГҮЛ – АЙБЫНДЫЛЫҚ, ҰЛЫЛЫҚ МАҒЫНАСЫН БІЛДІРЕДІ.

Лалагүл – көпжылдық, шөптесін, пиязшық өсімдіктер қатарына жатады. Көне грек тілінен аударғанда «қардай аппақ» деген мағынаны береді. Қазақстанда лалагүлдің ақ, сары, күлгін, қызыл, көкшіл түстері өседі. Ашық түсті лалагүлдердің иісі қошқыл түстерге қарағанда жұпар болып келеді.

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

Дала гүлдері тек әдемілік үшін ғана емес, ебін таба білген адам үшін таптырмас дәрінің орнын алмастыра алатын ғажайып табиғаттың адамзатқа берген сыйы. Флора мен фауна әлемін көздің қарашағындай қорғау күллі адамзаттың парызы болуы тиіс.

Дайындаған:
Құлжанбай тегі Арайлым 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға