Жаңалықтар

Адамбаев Балтабай (1919 – 1990)

Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев Жамбыл облысының Сарысу ауданында туып өскен. Сарысу ауданындағы мектеп-интернатта сауатын ашып білім алған және сонда тәрбиеленген. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академиясының тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген Б.Адамбаев Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. Б. Адамбаев 1945-1947 жылдары Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбыл қаласының Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған.
02.02.2013 13:52 10932

Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев Жамбыл облысының Сарысу ауданында туып өскен. Сарысу ауданындағы мектеп-интернатта сауатын ашып білім алған және сонда тәрбиеленген.

Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академиясының тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген Б.Адамбаев Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады.

Б. Адамбаев 1945-1947 жылдары Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбыл қаласының Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған.

Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев біраз жылдар бойына Жамбыл қаласындағы №38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен.

Филология ғылымының кандидаты Балтабай Әбдірахманұлы өмірінің соңына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып қызмет еткен. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, соның ішінде халық даналығы – шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеулермен шұғылданды. «Қазақ ертегілері» (1962 жыл), «Шешендік сөздер» (1967 жыл), «Ел  аузынан» (1985 жыл) жинақтарын құрастырған білікті фольклоршы-ғалым. Сонымен қатар, бойына біткен табиғи талантының арқасында елге танымал болған ақын әрі жазушы. Ол – өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап проза және поэзия жанрларында қалам тартып, оқырмандар ықыласына бөленген тұлға.

Шығармалары және ғылыми еңбектері:

- Сырларым. Өлеңдер. Алматы: ҚМКӘБ, 1959 жыл;
- Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. Алматы: ҚМКӘБ, 1962 жыл;
- Шешендік сөздер. Монография. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1967 жыл;
- Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1969 жыл;
- Мәди. Тарихи повесть. Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1969 жыл;
- Аманат. Өлеңдер. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1972 жыл;
- Халық даналығы. Мақал-мәтелдер. Алматы: «Мектеп» баспасы, 1976 жыл;
- Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1978 жыл;
- Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1983 жыл;
- Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. Алматы: «Ғылым» баспасы, 1984 жыл;
- Алтын сандық. Әдеби мақалалар. Алматы: «Жазушы» баспасы, 1989 жыл;
- Казахское народное ораторское искусство. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1994 жыл, 1997 жыл;
- Асыл қазына. Ғылыми зерделеу мен зерттеулер. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2009 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға