Жаңалықтар

Ниязбеков Рафаэль

Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы орта мектепті бітірген соң, Талас аудандық «Ленин жолы» газетіне қызметке қабылданды. Осылайша еңбек жолын журналистика мамандығынан бастаған ол 1967 жылы Қазақ радиосының әдебиет редакциясына қызметке орналасқан. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік универсиетінің филология факультетін бітіріп шыққан. 1971-1977 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет атқарған. 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Р.Ниязбеков Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Шешен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің, Шешенстан Мемлекетік сыйлығының лауреаты. Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласыньң 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.
30.01.2013 09:49 6760

Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген.

1961 жылы орта мектепті бітірген соң, Талас аудандық «Ленин жолы» газетіне қызметке қабылданды. Осылайша еңбек жолын журналистика мамандығынан бастаған ол 1967 жылы Қазақ радиосының әдебиет редакциясына қызметке орналасқан. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік универсиетінің филология факультетін бітіріп шыққан.

1971-1977 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет атқарған. 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан.

Р.Ниязбеков Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Шешен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің, Шешенстан Мемлекетік сыйлығының лауреаты. Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласыньң 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

                                        Шығармалары:

- «Келер күндер». Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 жыл;
- «Қаратау мен Алатау». Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1971 жыл;
- «Темірқазық». Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1973 жыл;
- «Жалын кешкен». Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1975 жыл;
- «Жер жанары». Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1977 жыл;
- «Отағасы». Повестер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1978 жыл;
- «Өркен». Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1980 жыл;
- «Қаңтар». Повестер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1981 жыл;
- «Биіктей бер, тауларым!» Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1983 жыл;
- «Қызыл үй». Роман. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1985 жыл;
- «Тас құдай». Роман. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1993 жыл;
- «Тамұқ отына жанбаған». Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, «Мерей» баспасы, 1997 жыл;
- «Шешендер». Өлеңдер. Алматы, «Жібек жолы» баспасы, 1991 жыл;
- «Ичкерия». Өлеңдер. Орыс тілінде Алматы, «Жібек жолы» баспасы, 1996 жыл;
- «Тыңда мені, замана». Өлеңдер. Алматы, «Сөздік-словарь» баспасы, 2001 жыл;
- «Қыдыр ғұмыр». Алматы, «Жалын» баспасы, 2002 жыл;
- «Махамбет майданы». Алматы, «Арыс» баспасы, 2003 жыл;
- «Жүрегімде ғасырлардың салмағы». Алматы, «Қазакстан» баспасы, 2003 жыл;
- «Айбозым менің». Астана, «Күлтегін» баспасы, 2006 жыл;
- «Күркіреп өткен күндерім». Алматы, «Жазушы» баспасы, 2008 жыл;
- Шығармалар жинағы. Өлеңдер. 1-том. Астана баспасы, 2010 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға